Петропавл полициясында сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұрақтар талқыланды
Петропавл полициясында сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұрақтар талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлерінің заң бұзушылықтарға жол бермеуі — СҚО ПД басшылығының ерекше бақылауында тұрған мәселе. 27 қазанда облыс орталығының Полиция басқармасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша жеке құраммен жұмыс кездесуіне бастамашылық етті. Патрульдік полицейлердің, учаскелік инспекторлардың және көбіне халықпен байланыс жасайтын басқа да қызметтердің жұмысына баса көңіл бөлінді.
СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің шақырылған өкілі Светлана Зайцева заңнамадағы соңғы өзгерістер жайлы ақпарат берді. Соған сәйкес, мәселен, пара алушылармен қатар, пара берушілер үшін де қылмыстық жауапкершілік күшейтілді, жазаны өтеу тәртібі де қатаңдатылды. Петропавл қалалық ПБ бастығының орынбасары Сағындық Теміреевтің айтуынша, сыбайлас жемқорлық бір ғана фактісі қылмыстық жауаптылық пен жұмыстан шығаруға әкеп соғады, сонымен қатар адамның өмір бойына мемлекеттік қызметте, құқық қорғау органдарында және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу мүмкіндігінен айырады.
Бұдан бөлек, жеке құрамға қызметпен қатар тұрмыста да қызметтік-әскери тәртіпті қатаң сақтау туралы ескертілді. Қалалық ПБ бастығы Жандос Мұқатов сыбайлас жемқорлық элементтерінен полиция қызметкерлерінің қатарын тазарту курсындағы басшылықтың принципті ұстанымын атап өтті.
– Полиция қызметкерлерінің қатарында заң бұзушыларға қатысты жұмыстың сервистік моделіне көшуге бағдарлау аясында барылқ қатаң шаралар қабылданатын болады, — дейді ол.