Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қалаға кіріп-шығу тәртібі күшейтілді

Петропавл қаласына кіріп-шығу енді бұрынғыдай болмайды, тәртіп күшейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласында жарияланған карантин полицейлердің жұмысын күшейте түсті. Блокбекеттер саны 6-дан 5-ке дейін қысқартылды. Якорь және Петерфельд ауылдарының жолындағы бекеттер Мамлют жолындағы бұрынғы “Батыс” БП, яғни қала маңына қарай жақындатылды. Березовка а. бекет Солнечный кентіне (жолаушылар автобусының соңғы аялдамасы), Пеньково а. бекет Омбы айналма жолына (бұрынғы “Северный” БП) көшірілді.

“СҚО Бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысына сәйкес, 3 сәуір сағат 00.00-ден бастап облыс орталығына кіріп-шығуға тыйым салынды, – деп хабарлайды СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысыАйдын Манапов. — Халық тұтынатын азық-түлік пен тауарлары бар транзиттік, жүк көліктеріне кіруге рұқсат етілген. Тұрақты тұру орнына келу немесе шығу тек 4 сәуір сағат 00.00-ге дейін мүмкін екендігін естеріңізге саламыз”.

Каратин белгіленген уақыттан бері барлығы, яғни 3 сәуір сағат 00.00-ден бастап сағат 09.00-ге дейін блокбекеттерде 170 автокөлік тексерілген, оның ішінде 182 адам болған 103 көлікке қалаға кіруіне рұқсат етілген. Қалаға кіре алмай қалғандардың көбі сауда жасауға және басқа да жұмыстарымен барған аудан тұрғындары. Олардың арасында облыс орталығында жұмыс істейтіндер, бірақ жұмыс орны қала тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің тізіміне енгізілмеген.

Сондай-ақ, облыс аудандарында 25 карантиндік бекет жұмыс істейді. Барлық аудан орталықтары мен республиканың басқа облыстарымен шекара жабылды. Коронавирустық инфекцияның ошағы анықталған Келлеровка ауылы түгел жабылды. Барлық бекеттер карантин режимінде жұмысын жүргізіп жатыр.

Одан басқа, жағдай өзгеріп жатса полицейлер басқа да бекеттер ашуға дайын. Тәртіп сақшылары ресми ақпарат көздерінің жаңалықтарынан хабардар болуды, олардың ұсыныстарын қатаң сақтауды ескертеді. Адамдардың жүріп-тұруына шектеу қою – коронавирустың таралуының жолын кесуге, қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған қажетті шара болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру