Петропавл қаласындағы тойханалардың бірінде мониторинг тобы болып жатқан отбасылық мерекені тоқтатты
Петропавл қаласындағы тойханалардың бірінде мониторинг тобы болып жатқан отбасылық мерекені тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жұма күні мониторинг тобы қаладағы тойханалардың бірінде 100 адаммен өтіп жатқан тойды тоқтатты. Тойхана әкімшілігіне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша материал жиналды. Материал шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.
– Біздің облысымыз коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша әлі де «қызыл аймақта» тұр, – деді Петропавл қаласы Полиция басқармасы ЖПҚ бөлімінің бастығы Рустам Садулов. – Жаппай іс-шараларға тыйым салынған. Бұл ретте, барлық кәсіпкерлер қабылданған шектеулерді бұзу өз клиенттерінің денсаулығына қауіп төндіретінін ескермейді. Жыл басынан бері облыс орталығындағы клубтар, дәмханалар мен тойханалардың иелері осындай құқық бұзушылық үшін 58 рет жауапқа тартылды.