Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл қаласының маңында ЖКО нәтижесінде жедел жәрдем көлігі аударылды

Петропавл қаласының маңында ЖКО нәтижесінде жедел жәрдем көлігі аударылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 29 шілдеде сағат 14.00 шамасында “Жезқазған-Петропавл” автожолының 949 шақырымында (аудан орталығы Бескөлдің Калинин к., қиылысында) Бескөл ауылының 27 жастағы тұрғынының басқарған Chrysler автокөлігі мен облыстық ауруханаға Шал ақын ауданынан науқасты жеткізіп бара жатқан Сергеевка қаласының 55 жастағы тұрғыны басқарған ГАЗель маркалы жедел жәрдем арнайы көлігі соғылған. 

ЖКО нәтижесінде жедел жәрдем көлігі аударылған. ЖКО қатысушылардың ешқайсысы медициналық көмекке жүгінген жоқ. Жедел жәрдемдегі науқас басқа арнайы көлікпен облыстық ауруханаға жеткізілді. 

Қазіргі уақытта ЖКО орнында полиция қызметкерлері материал жинауда: ЖКО схемасы жасалуда, одан әрі процестік шешім қабылдау үшін оқиға орнында тексеріс жүргізілуде.

Биылғы жылдың алты айында СҚО-да 80 ЖКО тіркеліп, оның нәтижесінде 12 адам қаза тапқан және 99 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру