Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл тұрғыны: «Полицияның жұмыс жасап жатқанына көзім жетті және маған онымен қорқынышты емес»

Петропавл тұрғыны өзінің жеке парақшасында 11 қаңтарда күндізгі сағат төрттер шамасында сауда орталығының бірінде болған оқиғаны жариялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Бүгін менің басымнан өткен жәйттен кейін біздің полицияға толықтай сенім артуға болатындығын анық түсіндім!, – деп жазған қала тұрғыны жоғалған ұялы телефонын қолына алған соң.

Ұялы телефонының жоғалғанын байқаған қала тұрғыны сауда үйінің маңында қоғамдық тәртіпті сақтап жүрген полицей мен күзет қызметкерлеріне жүгінді.

– Қымбаттылығы маңызды емес! Ішіндегі барлық дереккөздер орнатылған еді. Әлеуметтік желілердің құпия кодтары, құжаттарым және жеке фотосуреттерім. Тіпті Kaspi жүйесі де бар болды. Телефонға пароль да қоймаған едім. Алайда бейнебақылау камераларынан тез қарап шыққан аға лейтенант Талғат Ғалиуллин жылдам әрі жедел іс-әрекеттерінің арқасында мені байбаламға салдырмай, барлық жүрген жерімді тексеріп, телефонымды тауып, өзіме қайтаруға көмектесті. Үлкен рақмет. Полицияның жұмыс жасап жатқанына менің көзім жетті және маған онымен қорқынышты емес. Мен телефонымды қайтарғаннан кейін ғана қуаныштан жылай бастадым!, – дейді қуанышты қала тұрғыны.

– Күнделікті қызмет барысында полиция қызметкерлері жылдам ден қоюды қажет ететін жағдайлармен жиі кездеседі. Бұл қандай да бір мүлікті «ізін суытпай» іздестіруге ықпал етеді. Мұқтаж жандарға көмек көрсету – біздің жұмысымыздың басты қағидасы, – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкері Талғат Ғалиуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру