Петропавл тұрғыны қарағандылықтан бағалы зергерлік бұйымдарын ұрлап кетті
Петропавл тұрғыны қарағандылықтан 200 мың теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 тамызда 32 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне жүгінді. Ол белгісіз біреудің пәтерден алтын әшекей бұйымдарды – жүзік, ілгегі бар білезік, алтын шынжырды ұрлап кеткенін айтты. Жалпы шығын көлемі 200 мың теңгені құрады.
Жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдікті – Петропавл қаласының 33 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты заттың бір бөлігі тәркіленді.
Белгілі болғандай, жәбірленуші күдіктімен жақсы таныс болған, бағалы заттарға еркін қол жеткізген. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.