Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл ювеналдық полицейлері күзгі демалыста 228 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Петропавл ювеналдық полицейлері күзгі демалыста 228 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайДы Polisia.kz.

Қалалық ювеналдық полицейлер алты күндік «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шараны түнгі рейдпен аяқтады. Сенбіден жексенбіге қараған түндегі жұмыс нәтижесі: кәмелетке толмағандардың жалғыз түнде көшеде қыдырулары жалғасатындығын көрсетті, әрқайсысы серуендеуге желеу боларлық сылтауларды алға тартты.
19 бен 20-ықшам аудандар, орталық, Береке, Жұмысшы кенті – ювеналдық полицияның мобильді тобы және кезекші учаскелік инспекторлар түнгі қаланың біраз аумағын назарға алды. Көшелер, аулалар, қиылыстар, компьютерлік клубтар, дәмханалар – кәмелетке толмаған балалардың болуы мүмкін орындарды тексеру нақты нәтижесін берді. Интернациональная көшесінде 12 жасар ер бала көзге түскен, кейін достарымен бірлесіп фастфуд алуға кездесуге бара жатқаны белгілі болды. Бала үйіне жеткізіліп, ата-анасына табыс етілді. Полицейлер оларға ескерту беріп, негізді профилактикалық әңгіме жүргізді.
Рейд өткен үш жарым сағат ішінде ювеналдық полицейлер түнгі серуенді ұнататын бес кәмелетке толмағанды анықтады. Әр факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Дегенмен, «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шара аясында анықталған құқық бұзушылықтарды саны маңызды емес. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, басымдылық – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың тарапынан және оларға қатысты жасалатын қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіру. Аталған жұмыс Полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.
Жалпы, полицейлер, педагогтар, прокуратура, білім беру саласы қызметкерлері мен ата-аналар комитеті өкілдерімен өткізілген «Демалыс» облыстық іс-шарасы аясында 228 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде – 133 факті кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде жүруі, 42 – кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамау. Бұдан бөлек, 29 кәмелетке толмаған және 28 тұрмысы төмен отбасы анықталып, есепке қойылды.

Жыл басынан облыстың ювеналдық полицейлері 826 рейдтік іс-шара, 54 жергілікті тексеріс, сондай-ақ алты жедел-профилактикалық іс-шара мен акция өткізді. Облыстың басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 290 тұрмысы төмен отбасы анықталып, есепке қойылды.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған 347 ата-ана есепте тұр. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жалғасуда.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру