Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда 350-ден астам отбасылық жанжалқой есепте тұр

Петропавлда 350-ден астам отбасылық жанжалқой есепте тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

38 жастағы петропавлдықтың масаң күйіндегі жанжалдарынан шаршаған отбасы мүшелері Әйелдерді қолдау орталығына паналауына тура келді. Бұрын ер адам балағат сөздер айтқаны, ұрып-соққаны, басқа да құқық бұзушылықтар жасағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұған дейін әйелдерді қорғау жөніндегі топтың қызметкерлері профилактикалық жұмыс жүргізген болатын. Кезекті жанжалдан кейін оның анасы мен әжесі учаскелік полиция инспекторынан көмек сұрады. Сот ер адамды 10 тәулікке қамауға алу түріндегі жазаға тартты. Сонымен қатар, оның жүріс-тұрысына, мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді, бұзған жағдайда қосымша жауапкершілік қарастырылады.

– Орталық мамандары отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына кез келген уақытта психологиялық және құқықтық көмек көрсетуге әзір. Жергілікті полиция қызметі бөліністері аталған фактілердің алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Бастысы – үндемей қалмау, мәселенің өздігінен шешілетінін күтпеу керек екендігін ескертеміз. Кеңес беретін және практикалық көмек көрсететін полицейлерге не мамандарға жүгініңіздер, – дейді Петропавл қалалық ПБ бастығының орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Бүгінгі күні Петропавл қалалық ПБ отбасылық-тұрмыстық қатынас саласында құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасаған 353 адам профилактикалық есепте тұр. Оның 294-не қорғау ұйғарымы шығарылды, сотпен 59-на қатысты ерекше талаптар белгіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру