Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда ерлік жасаған полицейлер оқушыларды Білім күнімен құттықтады

Петропавлда ерлік жасаған полицейлер оқушыларды Білім күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйек күні Петропавлдағы №23 мектептің бітіруші сынып оқушыларына полиция ардагерлері және мемлекеттік наградалармен марапатталған полиция қызметкерлері қонаққа барды. Тәртіп сақшылары болашақ маман иелеріне қызметі туралы айтып берді.

Бүгінгі таңда Петропавл қаласының полиция басқармасында ІІ дәрежелі “Айбын” орденін алған бір қызметкер және “Ерлігі үшін” медалімен марапатталған сегіз сақшы қызмет атқарады. Білім күнінде оқушылар су тасқынында адамдарды эвакуациялау кезінде жанқиярлық танытқан жедел уәкіл Біржан Бәкіровпен әңгімелесе алды.

Петропавл қалалық ПБ ардагерлер кеңесінің төрағасы Атымтай Аманжолов, ішкі істер органдарының ардагері Галина Савенкова жастарға полиция қызметкерлерінің күнделікті өмірі және ерліктері туралы айтып берді. Тәртіп сақшылары полицияда әрқашан білімді, дене бітімі дамыған адамдар, азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауға дайын шынайы патриоттар талап етілетінін еске салды. Оқушылар Алматы, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе қалаларында ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына түсудің артықшылықтары туралы білді, олар жедел және тергеу жұмыстарынан бастап әкімшілік блок қызметкерлеріне дейін барлық бейіндегі полицейлерді дайындайды.

Сондай-ақ оқушыларға полицияға жұмысқа орналасу мәселелері бойынша Петропавл қалалық ПБ № 217 кабинетінде М. Жұмабаев көшесі, 118 мекенжайы бойынша немесе 8-708-204-71-63, 8-7152-49-32-17, 8-7152-50-12-52 телефоны бойынша толық кеңес алуға болатынын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру