Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда карантин кезінде адамдарды қабылдаған караоке-бар анықталды

Петропавлда карантин кезінде адамдарды қабылдаған караоке-бар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жығы 8 тамыз сағат 3:22-де Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің кезекші бөліміне қоңырау келіп түсіп, қала тұрғындарының бірі “Royal Palace” мейрамханасының караоке-барында келушілердің арасында жанжал орын алғанын айтқан. Тексеру үшін жақын маңдағы автопатруль жіберілді. Алайда тәртіп сақшылары есік іштен жабық тұрғандықтан кіре алмады. Біраз уақыттан соң мейрамхана қызметкерлері есікті ашуға мәжбүр болды. Бар ішіндегі қонақтар Бірінші полиция бөліміне жеткізілді. Сұрастыру барысында караоке-барға келгендер 1989 жылы туған қала тұрғынының туған күнін атап өтіп жатқан. Карантиндік шараларды бұзғаны үшін әр келушіге қатысты материал жиналып жатыр. Кейін ол ҚР ӘҚБтК 425-бабы “Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу” бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментіне жіберіледі. Аталған көңіл көтеру орнының иесіне қатысты заңнамамен көзделген шаралар қабылданады.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, облыс аумағында 20 шілдеден бастап санитарлық-эпидемологиялық нормалардың сақталуын қадағалау және мониторингілеу жөніндегі құрылған топтар жұмыс істеуде. Олардың құрамында әкімдіктер, прокуратура, полиция және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жұмыс істеуде.

– Осындай іс-қимылдың нәтижесінде соңғы үш аптада Солтүстік Қазақстан облысында санитарлық-эпидемологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының 642 бұзушылығы анықталды. 253 бұзушылық – облыс орталығында, 389-ы аудандарда, – деді полиция полковнигі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру