Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда крещение мерекесінде 100-ден астам полицей кезекшілік етеді

Петропавлда крещение мерекесінде құтқарушылар және медицина қызметкерлерімен бірге 100-ден астам полицей кезекшілік етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да православиелік Крещение мерекесі күнінде суға түсуге және қасиетті судан құйып алуға арналған 30 орын жабдықталды. Олардың әрқайсысында ТЖД қызметкерлері мен медицина қызметкерлері және полицейлер таңертеңнен кезекшілік етуде. Тәртіп сақшыларының басты міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халыққа қол ұшын беру. Облыс бойынша 200-ден астам полиция қызметкері мен 25 бірлік қызметтік автокөлік жұмылдырылды.

Суға түсуге ең көп орындар Ғ. Мүсірепов атындағы және Айыртау аудандарында жабдықталған – Есіл, Ақанбұрлық, Шарық өзендерінде, Имантау, Шалқар, Лобаново көлдерінде және екі котлованда.

Крещениеге дейін бір күн бұрын Полиция және ТЖ департаменттерінің ведомстволық парақшаларында және әлеуметтік желілерде халыққа қолайлы болу үшін арнайы әзірленген бағыттардың қозғалысы туралы ақпарат жарияланды (Речпортқа бару үшін – «Жас өркен» шағын ауданындағы айналма жол арқылы, Жамбыл көшесі бойымен жүруге, Есіл өз. қалалық жағажайға бару үшін – «Подгора» шағын ауданы арқылы Потанин көшесі бойымен жүруге рұқсат етілген).

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың сөзінше, таңның атысынан облыстық полицияның 34 қызметкері және Петропавл қаласы ПБ 76 қызметкері сол жерде кезекшілік атқаруда. Кезекшілік барлығы су алып, суға түсіп болғанша, кешке дейін жалғасады. Облыс орталығындағы ауа температурасы таңертең 27 градус аязды көрсетсе, түс ауа 19 градусқа түскен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру