Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда масаң күйдегі скутер жүргізушісі опат бола жаздады

Петропавлда масаң күйдегі скутер жүргізушісі опат бола жаздады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаз кезінде жол қозғалысының қатысушыларына скутерлердің, мопедтердің және оларға теңестірілген көлік құраладырының жүргізушілері алаңдатушылық туғызады.

21 шілдеге қараған түні сағат 02:30 шамасында «Alpha» скутерін басқарған 20 жастағы қала тұрғыны Жамбыл мен Гашек көшелерінің жол айырығында бордюрге ілініп қалған. Жас жігіт аман, автопатруль оны зақымданған скутердің жанынан тауып алған. Айта кететіні, көлік құралының конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асады, сонымен қатар жүргізушіде басқару құқығы болмаған. Медициналық куәландыру оның масаң күйде екендігін көрсетті. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-бөлігі бойынша материал жиналды, оның санкциясы 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды көздейді.

– Скутерлер жастар арасында кең таралған құрал — яғни жүргізуші тәжірибесі аз және ЖЖЕ тиісті біле бермейтін адамдар жиі кездеседі, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах. — Көлемі елу текше сантиметрден аспайтын іштен жану қозғалтқышымен не электрлі қозғалтқышпен жабдықталған конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден аспайтын қозғалыс құралын жүргізуші куәлігінсіз пайдалануға болады, тек 16 жастан бастап. Кез келген жағдайда жол жүрісі ережелерін білген және сақтаған жөн.

Полицейлер балаларына қос дөңгелекті көлікті сатып алмақшы болған ата-аналарға алдын ала ҚР ЖЖЕ танысуға және болашақ жүргізушінің оны білетіндігіне көз жеткізулеріне кеңес береді. 16 жастан бастап скутерді басқаруға болады, бірақ тек 18 жастан ғана жолаушыларды тасымалдауға рұқсат берілген. Мотошлемді пайдалану жүргізуші және жолаушы үшін де міндетті. Тротуарлармен жүруге тыйым салынады. Жолдың жүру бөлігінде оң жақ шетімен қозғалуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру