Петропавлда отбасы үлгісіндегі балалар ауылында қайырымдылық акциясы өтті
Петропавлда отбасы үлгісіндегі балалар ауылында қайырымдылық акциясы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері Петропавл қалалық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында тәрбиеленіп жатқан 39 баланы келе жатқан 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, қайырымдылық акциясын өткізді.
Балалар ауылында 6-18 жас аралығындағы балалар тәрбиеленуде. ПҚБ қызметкерлері балаларға аниматорлармен бірге керемет көңілді кеш ұйымдастырды. Басты мақсат – балалардың көңілін көтеріп, қуаныш сыйлау.
Балалар ойын ойнап, бір сергіп қалды. Кеш соңында оларға жазғы демалысқа керек-жарақтар, киімдер және ойыншықтар таратылды. Балалар жылында балаларға арналып өткізілген мереке олардың көңілінен шықты.
– Сайқымазақ пен піл өте көңілді. Маған бүгінгі күн қатты ұнап жатыр. Достарымызбен билеп, ойындар ойнадық, – деп әсерімен бөлісті Андрей.