Петропавлда патрульдік полицейлер биыл 100-ге жуық қылмысты «ізін суытпай» ашты
Петропавлда патрульдік полицейлер биыл 100-ге жуық қылмысты «ізін суытпай» ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының жеке құрамымен кездесті. Қызметкерлер ішкі істер органдарындағы заңдылықтың жай-күйі туралы шолуды тыңдап, мерекелік кезең қарсаңында адамның конституциялық құқықтарын қатаң сақтауға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырмалар алды.
Патрульдік полицейлер тәулік бойы қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Олар тұрғындардың шақыртуларына барып, шаралар қабылдайды, оқиға орнына бірінші болып келеді.
Жыл басынан облыс орталығының патрульдік полицейлері бұзақылық, денсаулыққа зиян келтіру, тонау сияқты 92 қылмысты «ізін суытпай» ашты. Сондай-ақ олар қоғамдық қауіпсіздік саласындағы 5 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде 2109 адамды ішімдік ішкені немесе қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Құрманғали Ысмағұлов қызметкерлер адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін жауапты екендіктерін айтып, қиын сәтте көмекке келу және халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделі жайлы еске салды.