Петропавлда полицейлер мас күйдегі автокөлік нұсқаушысын анықтады
Петропавлда полицейлер мас күйдегі автокөлік нұсқаушысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлда полицейлер «Мас жүргізуші» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің соңғы күнінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың стандартты емес фактісін анықтады.
Патрульдеу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қожаберген жырау тасжолының жүріс бөлігінің бойында — Петропавлға кіре берісте тұрған Volkswagen Golf оқу көлігін байқады, онда жол қозғалысының қарқындылығы дәстүрлі түрде жоғары болып саналады.
Автокөлік мектебінің курсанты көлікті басқара алмай, төтенше жағдай туғызғаны белгілі болды. Практикалық сабақ өткізген 55 жастағы автокөлік нұсқаушысынан алкогольдің иісі шығып тұрған.
Медициналық куәландыру оның мас күйде екендігін растады. Нұсқаушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы бойынша хаттама толтырылды.
– Мас жүргізушінің әрбір сапары ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін. 14-20 қазан аралығында өткізілген ЖПІШ кезеңінде облыс жолдарында осындай 32 жағдай анықталды. Жолдарда барлығы 2 мыңнан астам түрлі құқық бұзушылық анықталды, – деп еске салады СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин.