Петропавлда полицейлер мен тұрғындар маңызды мәселелерді талқылады
Петропавлда полицейлер мен тұрғындар маңызды мәселелерді талқылады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл қысқа көшесі, 1А мекенжайындағы үйдің тұрғындары абаттандыру және қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін полиция қызметкерлерімен және әкімдік өкілдерімен кездесті. Көпқабатты үйде 700-ге жуық адам тұрады. Олар гараждарды алып тастау, бейнекамералар орнату және жол инфрақұрылымын жақсарту сияқты мәселелерді көтерді.
Негізгі проблемалардың бірі – үй маңындағы көлік қозғалысы. Учаскелік инспектор тұрғындардың өтінішін әкімшілік полицияға жолдады. Аумақты зерттегеннен кейін әкімдікке жол таңбаларын салу, жол белгілері мен жасанды кедерегілерді орнату бойынша ұсыныс жіберіледі.
Полицейлердің айтуынша, мұндай кездесулерде қоқысты заңсыз тастау, қаңғыбас жануарларды аулау және басқа да абаттандыру мәселелері жиі көтеріледі. Тұрғындарға бейінді қызметтерге жүгіну алгоритмі түсіндіріліп, құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы айтылады. Жыл басынан облыста абаттандыру ережелерін сақтамағаны үшін 2821 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осыған ұқсас жұмыстар мүлік пен малды қорғау мәселелері өзекті ауылдық жерлерде де жүргізілуде. Орналасқан жеріне қарамастан, полицейлер интернеттегі алаяқтық туралы ескертіп, азаматтарға жадынамалар мен ұсыныстар таратады.
Халықтың қатысуымен жиындар өткізу – учаскелік полиция инспекторлары жұмысының маңызды құралы болып табылады. ІІМ жариялаған профилактика жылы шеңберінде мұндай кездесулер полицейлерге азаматтардың сұрақтары мен қоңырауларына жедел ден қойып шаралар қабылдауға және құқықтық тәртіп деңгейін арттыруға көмектеседі.