Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлер студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Петропавлда полицейлер студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Петропавлдағы жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің бірінші курс студенттеріне қару-жарақ айналымын реттейтін заңнама туралы, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану туралы айтып берді.

Түсіндіру жұмысының мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Тәртіп сақшылары атыс қаруын, сондай-ақ пышақтарды, кастеттерді және басқа да қауіпті заттарды заңсыз сақтағаны үшін туындауы мүмкін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік жайлы айтты.

Жауапкершіліктен босататын жалғыз амал – тіркелмеген қаруды немесе басқа заңсыз жолмен сақталған қаруды дереу ерікті түрде тапсыру.

Жаңа жыл қарсаңында полицейлер пиротехникалық бұйымдарды пайдалану қауіпсіздігіне де тоқталды. Мереке кезінде оқыс оқиғалар болмас үшін сертификатталмаған пиротехниканы пайдаланбаған абзал. Көбінесе ол қолайсыз жағдайларда сақталады, ал бұл кенеттен туындайтын жарылысқа әкелуі мүмкін. Қаптамада жазылған нұсқауларды қатаң сақтау қажет.

Сондай-ақ жеке тұлғалардың тыныштығын, белгіленген тәртіпті бұзу арқылы елді мекендерде, рұқсат етілмеген орындарда пиротехниканы пайдалану 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды көздейді. 16 жасқа дейінгі балалар пиротехникалық бұйымдарды пайдаланған жағдайда дәл осындай айыппұл ата-аналарға салынуы мүмкін.

Қазіргі уақытта СҚО аумағында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі өтіп жатыр. Аталған бұйымдарды заңсыз сату фактілері бойынша Петропавл мен облыс аудандарында 15 әкімшілік хаттама толтырылды. Іс-шара 3 қаңтарға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру