Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлер тыныштықты бұзған автосервис иесін жауапкершілікке тартты

Петропавлда полицейлер тыныштықты бұзған автосервис иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәулік бойы жұмыс істейтін автосервистің жанында тұратын Петропавл тұрғыны Instagram арқылы түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактісі жазылған бейнероликті жүктеген. Өндірістік шудан басқа, бейнежазбада қатты музыка да естіліп тұр. Жарияланымды полиция қызметкерлері анықтады.

– Құрметті пайдаланушылар! Полиция қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істейтін көлік жөндеу шеберханасы мен автокөлік құралдарын жуу бойынша мамандандырылған орынның қызметкерлерімен түнгі уақытта тыныштықты бұзуға жол бермеу бойынша қосымша профилактикалық әңгімелесулер өткізеді, – деп Петропавл қалалық полиция басқармасы қызметкерлері жарияланымға түсініктеме берді.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары қала және облыс тұрғындарынан құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жедел әрекет ету үшін әлеуметтік желілерде осындай фактілер туралы ақпаратты жариялап қана қоймай, құқық бұзушылықтың орналасқан жерін, күні мен уақытын көрсете отырып, жедел түрде полицияға мобильдік қосымша немесе “102” нөмірі арқылы хабарласуды сұрайды.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері тыныштықты бұзу бойынша 1369 хабарламаға жауап берді, оның ішінде 1089-ы Петропавлда тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру