Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлер жер үйге ұрлыққа түсті деген күдікпен қала тұрғынын ұстады

Петропавлда полицейлер жер үйге ұрлыққа түсті деген күдікпен 29 жастағы қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен 29 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қылмыс Калинин көшесіндегі жер үйлердің бірінде орын алған.

Құнды деген заттар қолды болған, яғни ақша, смартфон, шуруп бұрағыш және шаш алатын машинка ұрланған. Қаскөй үй иелері жұмыста болған кезде күндізгі сағат 11 мен 12 аралығында үйге ұрлыққа түскен. Иттен қорықпай өтіп, есікте ілініп тұрған аспалы құлыпты ауладан тауып алған сүйменмен бұзған. Үй маңында бірде бір камера және куәгерлер де болмаған.

Қалалық Полиция басқармасы Екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықовтың айтуынша, қылмыс орнын қарау, үй-үйді тексеру жүргізіліп, көршілерден жауап алынды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ұрлық жасауда күдікті анықталып, ұсталды. Күдікті бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады және бұл үйді есігінде аспалы құлып ілініп тұрғандықтан таңдап алғанын атап өтті. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті қамауға алынды.

Жыл басынан Екінші полиция бөлімінің аумағында 30-дан астам пәтер ұрлығы орын алған. Полицейлер аталған қылмыс түрін болдырмауға бағытталған ең тиімді тәсілдердің бірі пәтерді орталықтандырылған бақылау пультіне қосу болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларын, сапалы және мықты құлыптарды орнату аса тиімді, мүмкіндігінше бір есікке бірнеше құлып орнатқан жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру