Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлермен 453 литр лицензияланбаған алкоголь тәркіленді

Петропавлда полицейлермен 453 литр лицензияланбаған алкоголь тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қалалық Полиция басқармасы №4 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары Украин көшесінің бойындағы дүкендердің бірінен тиісті рұқсатсыз алкоголь өнімін өткізу фактісін анықтаған. 453 литр лиценциясы жоқ алкоголь өнімі алынды, басым бөлігі – сыра. Аталған факті бойынша дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚтК 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi жүзеге асыру) бойынша материал жиналды.

Алкоголь өнімін өткізу қағидаларын бұзу фактілері Интернациональная мен Воровской көшесіндегі дүкендерде анықталды. Екі факті бойынша ҚР ӘҚтК 282-бабы (Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу) бойынша хаттама толтырылды.

Петропавл қалалық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдулиннің айтуынша, бұл бағыт бойынша қабылданып жатқан профилактикалық шаралар – облыс орталығы аумағында тұрақты жедел жағдайды ұстауға тікелей әсерін тигізеді.

Жыл басынан заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін ҚР ӘҚтК 463-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа 34 құқық бұзушы тартылды. Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚтК 200-бабы бойынша – 22 құқық бұзушы жазаланған.

Бүгінгі күні Петропавлда заңсыз айналымнан 4 360 литр құрамында спирт бар өнім алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру