Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полиция кезекті рейд өткізді

Жеке күзет ұйымдары қызметкерлерінің көлік тәртібін нығайту мақсатында полицейлер екі күн бойы Петропавл көшелерінде рейдтер өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Негізгі назар жедел әрекет ету топтарының автокөліктеріне аударылды. Облыс орталығында барлығы 13 ұйым жедел әрекет ету мобильді топтарының 26 экипажын пайдаланады. Тексеру барысында бірқатар өрескел құқық бұзушылықтар анықталды. Мәселен, 2 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпау үшін, 1 жүргізуші басқару құқығынсыз көлік айдағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Екі күн ішінде бес жеке күзет ұйымының жүргізушілеріне қатысты 10 әкімшілік хаттама толтырылды. Полицейлер олардың басшылығымен және жеке құрамымен қосымша профилактикалық жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр.

Күзет кәсіпорындары – мүліктік қылмыстардың алдын алуда полицияның сенімді серіктестері. Биыл олардың қызметкерлері 11 қылмыстың ашылуына атсалысып, 2 ұрлықтың жолын кесіп, 61 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

"Заң және тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында заң талаптарын қатаң сақтау олардың қызметінде ерекше маңызға ие.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру