Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полиция көңіл көтеру орындарына кешкі рейд ұйымдастырды

Петропавл қаласында полиция басқармасы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кешкі рейд ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл рейд барысында қаланың орталығындағы бірнеше ірі көңіл көтеру орындары тексеріліп, қорқор шегу фактілері басты назарға алынды.

– “Заң және тәртіп” қағидатының орындалуын қамтамасыз ету аясында барлық бағыттар бойынша жұмыстар күшейтілді. Тәжірибе көрсеткендей, ұсақ бұзақылықтарға мүлдем төзбеушілік қана ауыр қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Құрманғали Ысмағұлов.

Рейдтің алғашқы екі сағатында-ақ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабының 1-бөлігін (ҚР заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі және оның түрлерін тұтынуға тыйым салуды бұзу) бұзғаны үшін төрт адам жауапкершілікке тартылып, үш кальян тәркіленді. Аталған баптың санкциясы жеке тұлғаларға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды көздейді.

Кенеттен өткізілетін мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру