Петропавлда полиция көңіл көтеру орындарынан түскен хабарламаларға талдау жасады
Петропавлда полиция көңіл көтеру орындарынан түскен хабарламаларға талдау жасады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің құрамындағы жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласында полиция көңіл көтеру орындарынан түскен хабарламаларға талдау жасады. Қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде тәртіп сақшылары көңіл көтеру орындарында жасалған құқық бұзушылықтар бойынша түскен хабарламаларға талдау жасады.
Жыл басынан “102” арнасына көңіл көтеру орындарында жасалған құқық бұзушылықтар туралы 75 хабарлама түсті. Ең көп құқық бұзушылық тіркелген орындардың бірі – Ульянов көшесіндегі дәмханалардың бірі. Бұл жерден үш ай ішінде полицияға 22 рет шақырту түскен. Ысмайылов көшесіндегі дәмханаға тәртіп сақшылары 8 рет шықты, Интернациональная көшесіндегі үш көңіл көтеру орнының әрқайсысында 7 шақыртудан тіркелген. Мұқанов көшесіндегі дәмханадан – 6, Смирнов және Кирпичный көшелеріндегі дәмханалардан 4 шақырту түскен. Қазақстан Конституциясы көшесіндегі және Шухов көшесіндегі көңіл көтеру орындарынан 3 реттен, Казахстанская правда көшесінен – 2, ал Парковая, Театральная, 2-ші Кирпичный және Ухабов көшелеріндегі дәмханалардан әрқайсысында бір шақыртудан тіркелген.
Әр дерек бойынша полицейлер көңіл көтеру орындарының әкімшілігіне құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысты ұсыныстар жолдап отырады.
Түнгі уақытта облыс орталығында қоғамдық тәртіпті сақтауға шамамен 200 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылады. Жедел жағдайға жүргізілген талдауға сүйене отырып, полицейлер көңіл көтеру орындарында рейдтік іс-шаралар өткізеді, демалыс және мереке күндері патрульдеу бағыттарын осы мекемелерге барынша жақындатады.