Петропавлда полиция мен қоғам өкілдері жол қауіпсіздігін жақсарту мәселелері талқыланды
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның отырысында жол қауіпсіздігі мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талқылаудың өзекті тақырыптарының бірі — Петропавлдағы "Береке" шағын ауданының жол қозғалысына қатысты жағдай. Жыл басынан бері бұл аумақта 9 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 10 адам жарақат алған. Сонымен қатар материалдық залал келтірілген 78 жол апаты тіркелді.
Отырыста консультативтік-кеңесші орган мүшелерінен бөлек, жергілікті атқарушы органдар мен мәслихат өкілдері қатысты. Олар полиция ұсынған оң жақ бұрылыстарды, жаяу жүргіншілер өткелдерін және жол инфрақұрылымының өзге де элементтерін жабдықтау жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мәселесі жеке қаралды. Өткен жылмен салыстырғанда олардың кінәсінен болатын жол-көлік оқиғалары үштен біріне төмендеді: 31-ден 22 фактіні құрады. Барлығы 135 жаяу жүргіншіге қатысты жол апаты тіркелген, оның 35-і — кәмелетке толмағандарға қатысты жағдайлар.
Полиция ұсынған шаралар инфрақұрылымды жетілдіруді, жолдағы бақылауды күшейтуді және профилактиканың жаңа тәсілдерін қамтиды. Мәселен, бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге жолдағы қауіпсіздікті тиімді үйрету үшін полицейлер ата-аналар қауымдастығымен жұмысты күшейтіп келеді. Мектеп оқушыларының жарық шағылыстырғыш элементтерді жаппай қолдануын көздейтін жоба іске қосылды, бұл олардың жолда көзге түсімділігін арттырады.

Қоғамдық ұйым өкілдері полиция бастамаларын қолдау жөнінде шешім қабылдады. Отырыстың қорытындысында СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов консультативтік-кеңесші орган мүшелерін марапаттап, олардың Заң мен тәртіпті қамтамасыз ету ісіндегі маңызды рөлін атап өтті.

