Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полиция қызметкері балконнан секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Петропавлда полиция қызметкері балконнан секірмек болған әйелді құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл оқиға кездейсоқ белгілі болды. Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкері Дамир Кенжеғарин жол қауіпсіздігі тақырыбы бойынша жүргізушілерге бейне өтініш жазу кезінде тамыз айында болған оқиға туралы айтып берді.

Ол сапаржай алаңындағы модульдік полиция бекетінде кезекшілікте болған. Сағат 22:00 шамасында кезекші бөлімге жақын жерде отбасылық жанжал туралы хабарлама келіп түсті: күйеуі мас күйінде жанжал шығарған. Қызметкерлер шақыруға барды. Ер адаммен әңгімелесіп жатқан кезде, оның әйелі бір минуттың ішінде үшінші қабаттың балконына шығып кетті. Шыны арқылы Дамир оның сыртқы терезені ашып тұрғанын көрді. Егер ол оны пәтердің ішіне кіргізіп үлгермесе, бұл жағдайдың қалай аяқталатыны белгісіз. Әйелдің айтуынша, ол «жанжалдан шаршаған». Полицейлер қала тұрғынын тыныштандырды. Көп ұзамай келіп жеткен учаскелік полиция инспекторы жанжалқорға қатысты әкімшілік материал жинауға кірісті, ал патрульдік полиция қызметкерлері модульдік посттағы қызметіне оралды.

Петропавлда барлығы 5 модульдік полиция бекеті жұмыс істейді, оның ішінде екеуін ППБ қызметкерлері, қалғандарына учаскелік инспекторлар қызмет көрсетеді. Жалпы, посттардағы кезекшілік тыныш өтеді. Мысалы, сапаржай маңындағы алаңда полицейлер көбінесе жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелерімен айналысады, ал келушілер оларға анықтамалық ақпарат алу үшін жүгінеді. Дегенмен, әрбір қызметкер стандартты емес және сыни жағдайларда әрекет етуге әр уақытта дайын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру