Петропавлда полицияның вокалдық тобы өнер көрсетті
Петропавлда полицияның вокалдық тобы өнер көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция күніне арналған кәсіби мереке қарсаңында, 8 маусым күні Петропавл қаласының Орталық саябағында полицейлер жарқын концерт ұйымдастырды.
Сахнада Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің Мәдениет орталығының вокалдық тобы өнер көрсетті. Погон таққан өнерпаздар көрермендерге ішкі істер органдарындағы қызметке, Отанға деген сүйіспеншілікке және Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арналған патриоттық музыкалық қойылымдарын ұсынды.
Әндердің жүрекке жетерлік орындалуы, шынайы эмоциялар мен жоғары кәсіби шеберлік көрермендерді бейжай қалдырған жоқ — әртістер көптеген жылы лебіздер мен ыстық ықыласқа бөленді.
Қойылым қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті сақтап қана қоймай, өңірдің мәдени өміріне белсене қатысатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.