Петропавлда қаңтар айында камералар 18 қылмысты ашуға септігін тигізді
Петропавлда қаңтар айында Жедел басқару орталығының камералары 18 қылмысты ашуға септігін тигізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сыртқы бақылау камералары – қылмыстарды шұғыл ашуға септігін тигізетін полицияның ең сенімді құралдарының бірі. 2 ақпан күні «102» арнасына Петропавл қаласының 57 жастағы тұрғыны жүгінген. Хименко көшесі бойында орналасқан оның гаражынан құрал-саймандар мен 500 мың теңгенің автоқосалқы бөлшектері ұрланған. Гараждарға апарар жол қалалық ПБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының шолуында. Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері бейнежазбаларды зерделеу кезінде күдікті «ГАЗель» автокөлігін байқайды. Көліктің иесін анықтаған соң, ол хабарландырулар сайты арқылы тапсырыс қабылдап, заттарды гараждан алып, металл қабылдау пунктіне жеткізгенін айтқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «тапсырыс беруші» – бұрын бірнеше рет сотты болған 33 жастағы қалалық анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты келуі туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы қабылданды. Ұрланған заттың бір бөлігі алынды.
– Жәбірленуші заттарының жоғалғанын бірден анықтамаған, полицияға қылмыс жасалғаннан кейін үш күннен соң ғана жүгінген, – дейді Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов. – Кеш жүгіну қылмысты «ізін суытпай» ашуға кедергі болып жатады. Десе де, сыртқы бейнебақылау гараж құлпын бұзып, ұрлық жасауда күдіктіні ұстауға көмектесті.
Тек қаңтар айында ғана Жедел басқару орталығының бейнебақылау операторларымен Петропавлда 1500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстарды ашуға септігін тигізген 18 факті анықталды.