Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда ұландықтар “Мектепке жол” акциясын өткізді

Петропавлда ұландықтарМектепке жолакциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы ҚР ІІМ Ұлттық ұлан академиясында жыл сайынМектепке жолреспубликалық акциясын өткізу дәстүрге айналған.

Игі шара осы жылы да жалғасын тапты. Академияның Әйелдер кеңесі атынан биыл бірінші сыныпқа баратын 33 әскери қызметшінің балаларына көмек көрсетілді. Академия бастығы Артур Тоқышев болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына кеңселік тауарлар мен басқа да керек-жарақтарын табыс етті.

– Акцияның мақсатыжаңа оқу жылында бірінші сыныпқа баратын әскери қызметшілердің балаларына көмек көрсету. Барлық оқушыларға толыққанды білім алу үшін жан-жақты жағдай жасалуы тиіс, – деп атап өтті академия бастығы.

Іс-шара соңында әскери қызметшілер балаларды келе жатқан Білім күнімен құттықтап, оларға жетістіктер тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру