Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда ұры камераға түсіп қалды

Петропавлда дүкенде сақтықпен ұрлық жасаған адам камераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желідегі Петропавл қ. парақшаларында қала дүкендерінің біріндегі камераның бейне жазбасы қызу талқыланды. Жазбадан ұрлық жасау фактісін анық көруге болады. Қаскөй күртешесінің қалтасына үш пакет халуа салып алады, қалған халуаны реттеп, босап қалған орынға жылжытып қояды. Дәл осылай бір қорап оттықты да қолды қылған. Жазбаны жариялаған дүкен иесі полицияға жүгінетін уақыты болмай тұрғанын жазған. Тәртіп сақшылары аталған роликті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықтады. Полицейлер жазбадағы адамды таныды. Қаңтар айында 38 жастағы қала тұрғыны дүкенде ұсақ ұрлық жасағаны үшін үш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. Үш жағдайда да түзелемін деп уәде беріп, жәбірленушілермен татуласқан. Осы жолы кәсіпкер үстінен арыз түсірді. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы (Ұсақ ұрлық) бойынша енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.

– Кейбір желі қолданушылары азаматтар аталған әрекеттерге қатысты полицияға жүгінбесе, заң бұзушының жазаланбай қалатыны туралы атап өтті, – деді Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дархан Зияфиддин. – Адамдар үлкен шығынға ұшырамағандарын алға тартып, “ұсақ” заң бұзушылықтарын елемей жатады.

Айта кетейік, осындай мәселелерді шешу үшін ҚР ІІМ “102” мобильдік қосымшасын іске қосты. Қосымшаның басымдығы – хабарламаны полицияға мәтін, аудио немесе бейне қоңырау арқылы жеткізу. Бұл ақпаратты әлеуметтік желілердің пабликтерінде жариялаудан қиын емес. Полицейлер қазақстандықтарды заңдылықты бұзу фактілерін назардан тыс қалдырмауға шақырады. Қылмыс немесе құқық бұзушылық туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда, “102” арнасына, учаскелік полиция инспекторына қоңырау шалуға, фронт-офиске жүгінуге немесе хабарламаларды қабылдау мен тіркеуді жылдамдататын ыңғайлы мобильдік қосымшаның қызметін пайдалануға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру