Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жол ережесін бұзудың 300-ден астам дерегі анықталды

Петропавлда полиция бір күн ішінде жол ережелерін бұзудың 300-ден астам дерегін анықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі айдың ішінде облыс орталығында 44 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан бір адам қаза тауып, 66 адам жарақат алды. Көше қиылыстарынан өту ережелерін бұзу 37 жол апатының болуына себеп болған.

Жүргізушілердің жолдағы тәртібін арттыру үшін қалалық және облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Петропавл көшелерінде жаппай рейд жүргізді.

Көлік құралын жүргізу кезінде телефонды пайдаланған 14 жүргізуші анықталды. Бұл да жүргізушінің көңілін бөліп, жол апатының жасалуына алып келетін кең тараған себептердің бірі.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерге жол бермеген 12 жүргізушіні жауапқа тартты. 5 адам көлік жүргізу құқығынан айырылса да қайтадан рөлге отырған. Бір күннің ішінде Петропавл жолдарында тәртіп сақшылары түрлі 305 құқық бұзушылықты анықтады.

Рейд барысында Жамбыл мен Сүтішев көшелерінің қиылысында бағдаршамның істен шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Экипаждардың бірі бірден оқиға орнына аттанып, көше қиылысында жол қозғалысын реттеуге көшті.

Бұдан бөлек, көшелерде тоқтатылған жүргізушілерге полицейлер интернет-алаяқтарға алданып қалмаудың әдістері жазылған жадынамалар таратты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру