Петропавлда жол жүрісі қағидаларын бұзушыларды «102» мобильді қосымшасының көмегімен жауапкершілікке тартуда
Петропавлда жол жүрісі қағидаларын бұзушыларды «102» мобильді қосымшасының көмегімен жауапкершілікке тартуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлда адамдардың жаяу жүретін аймағы ретінде белгілі Қазақстан Конституциясы көшесінің бойында жаяу жүргіншілер өткеліне қойылған шетелдік көлік қала тұрғынының назарына іліккен. Ол құқық бұзушының көлігін суретке түсіріп, «102» мобильді қосымшасы арқылы фотоны полицияға жіберген. Патруль келген уақытта құқық бұзушы орнында болмаған. Ол бейнебақылау камераларының көмегімен іздестіріліп, жауапкершілікке тартылды. Арыз иесіне оның жүгінуі бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданғаны жайлы қосымша арқылы хабарлама келіп түскен.
«Автомобиль тротуарға қойылған»; «Тротуарда тоқтап тұрған автомобиль»; «Көлікті үнемі подъездің жанына қояды, бұл тұрғындар мен «жедел жәрдемнің» өтуіне қиындық туғызады, — полицейлер өткен айда «102» қосымшасы бойынша алты осындай хабарлама қабылдаған.
– Мұның мүмкіндігі аса жоғары, — дейді СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев. — «102» — қосымшасы байланыстың бірізділігі болып табылады, ол кез-келген ыңғайлы форматта полицияға жүгінуге мүмкіндік береді: фото- және бейне материалдар, аудио- және бейне қоңырау салынған мәтіндік хабарлама. Геолокация пайдаланушының тұрған жерін анықтауға, қоңырауды қабылдауға немесе тұрған мекенжайын айтуда адамға қиындық туындаған жағдайда оған көмек көрсетуге мүмкіндік береді. «SOS» түймесі сигналдың геолокациясы бойынша патрульдің шұғыл шығуын талап етеді. Қосымшаның жұмысы ашықтыққа негізделген: арыз иесіне оның жүгінуі бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлама жолданады.
Қосымшаның функционалы оның белгілі әлеуметтік желілерге ұқсастығында, сондықтан да әр пайдаланушыға ойша түсінікті, тиімділігі анағұрлым жоғары.
Мысалға, 3 наурызда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде әлеуметтік желіде рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастау фактісі анықталды. Полиция мен экология департаменттері жарияланымға, ол пайда болғаннан кейін үш сағаттан соң ден қойды.
Білім беру мекемесі маңындағы бағдаршам объектісінің істен шығуы сияқты маңызды мәселе бойынша жарияланымды анықтауға қосымша уақыт қажет болды. «102» нөміріне келіп түскен арыз лезде өңдеуге қабылданады.
Петропавл қ. ПБ Жедел басқару орталығында «102» қосымшасы операторының 10 жұмыс орны, облыс аудандарында екі жұмыс орнынан ашылды.