Петропавлда жыл басынан бері полицейлерге бағынбаудың 195 фактісі тіркелді
Петропавлда жыл басынан бері полицейлерге бағынбаудың 195 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл полицейлері билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
Мұндай фактілердің басым көпшілігі қоғамдық тәтіпті бұзушылардың медициналық тексеруден өтуге құлықсыздығымен байланысты. Мысалы, түн ортасында Кирпичный көшесіндегі жанжалқор патрульдік көлікке отырудан бас тартты. Сол күні таңертең Астана көшесінен куәландыру үшін жеткізілген тағы бір петропавлдық облыстық наркологиялық орталықтың ғимаратына барудан бас тартты.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы бойынша хаттамалар жасалды. Баптың санкциясы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлды не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды, құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 15-тен 20 тәулікке дейінгі қамауға алуды көздейді.
– Жарты жылдың ішінде облыс орталығында осындай 195 факт тіркелді. Сондай-ақ медициналық куәландырудан өтуден жалтарған жүргізушілер үшін ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігі бойынша шара қолданылатынын еске саламыз. Олар үшін жаза 15 тәулікке қамауға алу және 8 жылға басқару құқығынан айыру – мас күйінде басқарғаны үшін бір жылға артық. 6 ай ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 4-бөлімі бойынша 13 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Қала тұрғындары мен қонақтарын заңды қатаң сақтауға шақырамыз, – дейді Петропавл қалалық ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Тасболатов.