Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жыл басынан бері жасөспірімдерге қатысты 647 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

Петропавлда жыл басынан бері жасөспірімдерге қатысты 647 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы демалыс кезеңі – ювеналды полиция қызметкерлері үшін қарбалас уақыт. Петропавлдың тәртіп сақшылары күшейтілген режимде алдын алу шараларын жүргізуде. Күндіз олар “жабайы жағажайларды”, түнде – көшелер мен ойын-сауық орындарын, балалар мен жасөспірімдердің ата-анасыз жүруі мүмкін жерлерін тексереді.

– Жазғы уақыт – кәмелетке толмағандардың уақыты сияқты. Бұл жазатайым оқиғалар мен қылмыстық қудалау орбитасына тартылу қаупін арттырады. Жыл басынан бері Петропавлда кәмелетке толмағандар 14 қылмыс жасады, оларға қатысты 17 қылмыс болды. 140 рейд жүргізілді, оның барысында 647 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 449-ы жасөспірімдердің түнгі уақыттағы демалысымен байланысты. Сондай-ақ 6 айда 10 кәмелетке толмаған, 15 тұрмысы нашар отбасы анықталып, есепке қойылды, – дейді Петропавл қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.

Бүгінгі таңда Петропавлда ювеналды полицияның есебінде 20 жасөспірім мен 36 отбасы тұр, онда ересектер өздерінің ата-аналық міндеттерін ұмытып, балаларына теріс әсер етуде. Полицейлердің бастамасы бойынша жыл басынан бері кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда 17 материал қарастырылды.

Тәртіп сақшылары ересектерден балаларына көбірек көңіл бөлуді, олардың бос уақытын ұйымдастыруға тырысуды, қараусыз қалуға жол бермеуді сұрайды — бұл заң бұзушылыққа әкелетін негізгі фактор.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру