Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдағы «интелектуалды» қиылыстарда 3 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

Петропавл қаласының жолдарында бақылау-өлшеу құрылғыларымен 3 мың 800-ден астам құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Облыс орталығында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын фото-бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Аталған профилактикалық шаралар автожүргізушілердің тәртібін нығайтуға бағытталады, бұл апаттылық жағдайын төмендетуге септігін тигізеді, – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Оспанов.

Бағдаршамның тыйым салынған (қызыл) түсіне өтіп кету және жылдамдық режимін бұзу сияқты құқық бұзушылықтарды тіркейтін бейне бақылау жүйесі Жамбыл – Партизанская, Жамбыл – Мүсірепов, Назарбаев – Интернациональная, Сүтішев – Жұмабаев көшелерінің қиылысында орналасқан. 

Астана – Интернациональная, Жамбыл – Интернациональный, Назарбаев – Абай көшелерінің қиылысында техникалық құралдар бағдаршамның тыйым салынған (қызыл) белгісіне өтіп кетуді және тоқтау сызығынан шығып кетуді тіркейді.

Петропавлда барлығы жеті «интеллектуалдық» көше қиылысы бар. Жыл басынан бері бақылау-өлшеу құрылғыларының көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3825 фактісі тіркелді. Олардың негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау» 601-бабымен көзделген тоқтау сызығынан шығу кету болып табылады. Айыппұл – үш айлық есептік көрсеткішті құрайды. Тыйым салу белгісінен өткені үшін 10 АЕК айыппұл, жылдамдықты асырғаны үшін – 10-нан 15 АЕК-ке дейін салынады. Құқық бұзушы осы айыппұлдардың жартысын төлеуге құқылы екенін естеріңізге саламыз. Мұны істеу үшін СMС немесе пошта арқылы алған хабарламаны қабылдағаннан кейін жеті күн ішінде төлеу қажет. Барлық сұрақтар бойынша СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасына 61-25-47 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру