Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдан 85 шақырым жерде ауылдық учаскелік полиция инспекторы жұмыс орнымен біріктірілген ғимаратта тұрады

Петропавлдан 85 шақырым жерде ауылдық учаскелік полиция инспекторы жұмыс орнымен біріктірілген ғимаратта тұрады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО Мамлют ауданының Новомихайловка селосында учаскелік полиция инспекторына жергілікті қоғам мен ауылдықтар белсенді көмектесуде. Ауылдық округтік ерекшелігі, атап айтқанда жарты жыл бұрын Новомихайловкада тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пунткі пайдалануға берілді. Бексейіт, Меңкесер, Катанай, Токаревка, Новомихайловка – округ құрамында бес ауыл бар, онда 2269 адам өмір сүруде. Аудан орталығына дейінгі арақашықтық – 50 км., Петропавл қаласына дейін – 85 км. Қазіргі уақытта елді мекенге 29 жастағы учаскелік полиция инспекторы  Ерзат Шәрішев қызмет көрсетеді.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындарға көмектесу – ауылдық учаскелік инспектордың міндетіне көп тапсырмалар кіреді. Инспектор әкімшілік учаскеде тұратын адамдардың санын, олардың ішінде қанша зейнеткер, мүгедектер, студенттер, мектеп оқушылары барын есте ұстаған жөн. Сонымен қатар, ауылдықтардың жеке үйлері мен қора-қопсылары жайлы жалпы ақпаратты білуі маңызды; мәселен, мал ұрланған жағдайда, тәуліктің кез келген уақытында бірден бағдарлап, қылмыстың «ізін суытпай» ашылуына әрекет етеді.

Ерзат Шәрішевтің айтуынша, учаскелік пунктке ауылдан шыға берісте, сондай-ақ қоғамдық орындарда орнатылған 20 бейнекамера қосылған. Бұл тәулік бойы негізгі оқиғалар жайлы білуге мүмкіндік береді. Қыста жалғыз тұратын егде жастағы ауылдықтарды, мүгедектерді, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді ішуге бейім адамдар ерекше бақылауда болады. Полицейлер оларға жиі баруға тырысады, қызметтік көліктің бар болғаны өте маңызды.

Ауылдықтар өз учаскелік инспекторының жұмысына түсіністікпен қарайды және жалпы сұрақтар бойынша әрдайым қолдау көрсетеді. Ерзат Шәрішевтің өзі халықтың қолдауы және қызмет үшін жасалған жақсы жағдай жұмысты «жақсы атқаруды» міндеттей отыра, қосымша жауапкершіліктің жүктелетіндігін атап өтті.

СҚО-да 200-ден астам учаскелік полиция инспекторы қызмет атқарады. Өткен жылдың 12 айында олардың қатысуымен 1952 қылмыс ашылды, 60 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ел президентінің Жолдауын іске асыру шеңберінде жергілікті полиция қызметін кезең-кезеңімен реформалау және жұмыстың сервистік моделіне көшу жалғасуда. Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторының тұлғасына ерекше көңіл бөлінуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру