Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдың «102» арнасына мереке күндері 1636 қоңырау келіп түсті

Петропавл полицейлері мереке күндері «102» арнасына келіп түскен 1636 телефон қоңырауын қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке күндері солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері күшейтілген түрде қызмет атқарды. Тек облыс орталығында азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін тәулік бойы 200-ден астам полиция қызметкері қамтамасыз етті. Нәтижесінде жылдың соңғы күні тыныш өтті.

Петропавл қаласы ПБ Жедел басқару орталығының бастығы Ерік Құлжановтың айтуынша, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні кезекші тәулікте «102» пультіне 389 телефон қоңырауы келіп түскен. Көптеген сұрақтар кеңес беру сипатында болды, бірақ 91 жағдай полиция қызметкерлерінің жедел ден қоюын қажет етті.

Жалпы, мереке күндері 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында полиция қызметкерлері 1600-ден астам телефон қоңырауын қабылдады. Оның ішіндегі жасалған қылмыстар мен оқиғалар туралы 479 хабарлама, 21-і жол-көлік оқиғалары бойынша, түнгі уақытта тыныштықты бұзу бойынша 17 хабарламаа түскен. Сондай-ақ отбасылық жанжалдармен байланысты 45 қоңырау және ұрлық фактілері бойынша 26 хабарлама тіркелді.

Қалалық Жедел басқару орталығының кезекші бейнебақылау инспекторлары мереке күндері 61 әкімшілік құқық бұзушылықты, жол жүрісі қағидаларының – 26 және қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, мас күйде жүрудің 35 фактісін тіркеді.

Тәртіп сақшылары ескерткендей, полицияға қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы тек «102» телефон нөмірі арқылы ғана емес, сонымен қатар App Store және Google Play жүйелерінен тегін жүктеп алуға болатын «102» мобильді қосымшасы арқылы да хабарлауға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру