Петропавлдың такси жүргізушілерін алдаған өскемендік ұсталды
Өскемен қаласының тұрғыны Петропавлдың такси жүргізушілерін алдады деген күдікке ілінді және ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқтың құрбаны болған үш такси жүргізушісі Петропавл қаласының полициясына жүгінді. Алаяқ азық-түлікті әкімдікке жеткізуге тапсырыс беріп отырған. Ол азық-түлік сатып алуды сұраған, сонымен бірге тауарды алған кезде толық есеп айырысуға уәде беріп, телефон нөміріне шамамен 20 мың теңге салуды өтінген.
Ақшаны алғаннан кейін, ол қоңырауларға жауап беруді тоқтатқан. Интернет-алаяқтықты ашу жөніндегі арнайы жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Өскемен қаласының 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол қызметтік іссапар барысында ұсталды.
– Бұл фактілер ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдіктінің өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар болу мүмкіндігі тексеріліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, интернеттегі алаяқтық тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін, кез келген қаржылық мәселелерді заманауи байланыс құралдары арқылы шешкен кезде аса қырағылық танытқан жөн, – деп хабарлайды Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дархан Зияфиддин.