Петропавлдың учаскелік инспекторлары абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 150 ескерту жасады
Петропавлдың учаскелік инспекторлары абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 150 ескерту жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қаласының учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру ережелерінің сақталуын тексеруді күшейтті. Дүкендерді, базарлар мен дәріханаларды, дәмханаларды яғни, полицейлер барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерді аралап, күн жылына бастаған кездегі тәртіп пен адамдардың қауіпсіздігін тексеруде.
Жолдағы көктайғақ, тазаланбаған қар және шатырдан тамшылап қатқан мұз – мұның бәрі эстетикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар шығынға немесе тіпті апатқа әкелуі мүмкін. 6 наурызда Назарбаев көшесіндегі мейрамханалардың бірінің төбесінен түскен мұз мекеме маңында тұрған көлікті зақымдаған.
Оқиға орнына қоңырау түскен соң учаскелік полиция инспекторы барды. Шатырды қар мен мұздан уақытылы тазаламағаны үшін мейрамхана иесі ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, сондай-ақинфрақұрылым объектілері, қаланың және елді мекендердің жасыл желектерінің жойылуы мен бүлінуі) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қалалық Полиция басқармасы қазір белсенді түрде ескерту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. Мәселен, бір күн бұрын сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қалада абаттандыру ережелерін сақтау бойынша кезекті тексеріс өтті. Рейд нәтижесінде, түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың 159 жауапты тұлғасы жауапкершілікке тартылды. Бұл негізінен дүкендер, дәмханалар және басқа да нысандар.
Ескерту түріндегі 159 хаттама, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 505-бабының 2-бөлігі (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, сондай-ақинфрақұрылым объектілері, қаланың және елді мекендердің жасыл желектерінің жойылуы мен бүлінуі) бойынша бір айыппұл салынды. Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, жыл басынан бері облыс орталығында абаттандыру ережесін бұзудың 1 158 фактісі анықталған.