Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдың ювеналдық полицейлері оқушылар үшін 300-ден астам онлайн-сабақ өткізді

Петропавлдың ювеналдық полицейлері қаңтарда оқушылар үшін 300-ден астам онлайн-сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдердің қауіпсіздігі және олардың тарапынан болатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының тұрақты бақылауында. Осылайша, ювеналдық полицияның мектептегі инспекторлары форма киген қатал адамды бейнелеу кейпін әлдеқайда ұмытқан, керісінше 24/7 режимінде өздерінің ісімен оқушылар және олардың ата-аналарымен бірге бір арнада болуға тырысуда.

Солтүстік Қазақстан облысының ірі елді мекені – Петропавл қаласында жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қатысты жағдай тұрақты. Петропавл қаласы ПБ ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушеваның айтуынша, қаңтарда қалалық ювеналдық полицейлер 13 профилактикалық рейд жүргізген. 90 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 62-сі заңды өкілдер – түнде кәмелетке толмағандарды үйден тыс жерде жүргені үшін. Рейдтік іс-шаралар барысында 52 кәмелетке толмаған жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізілді. Бір кәмелетке толмаған бала ішкі істер органдарына есепке алынды. Сондай-ақ, қаңтарда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар балаларды тәрбиелеуде міндеттерін орындамағаны үшін бір ата-ананы анықтап, тіркеді. Бүгінгі таңда 110 қолайсыз отбасы есепте тұр.

Карантиндік шараларға байланысты мектеп оқушылары мен студенттерге енгізілген қашықтықтан оқыту ювеналдық полицейлерге қосымша салмақ түсірді. Егер қалыпты оқыту кезінде инспекторлар балалармен күн сайын кездессе, «қашықтықтан оқыту» кезінде жасөспірімдер көбіне өздерімен-өздері болады. Бұл қылмыс пен құқық бұзушылықтың қаупін арттырады. Ата-аналардың, полиция қызметкерлері мен мұғалімдердің ортақ міндеті – уақытында байқау, шаралар қабылдау және балаларды жамандыққа түсуден қорғау.

Петропавлдың ювеналдық полицейлері мұғалімдер сияқты онлайн- кеңістігінде белсенді жұмыс жүргізуде. Мұғалімдермен келісе отырып, олар конференциялық сабақтарға жүйелі түрде қосылып, балалармен құқықтық тақырыпта дәрістер мен әңгімелер өткізеді. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар қалалық оқушыларға арналған 330-дан астам онлайн сабаққа қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру