Петропавлдық балалар полицейлерге жол апаттарының алдын алуға көмектесуде
Петропавлдық балалар полицейлерге жол апаттарының алдын алуға көмектесіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қалалық полиция басқармасы құрамындағы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері балалардың қатысуымен флешмоб ұйымдастырды. Оларға жол-көлік апатарына бей-жай қарамайтын 8 бен 10 жас аралығындағы белсенді балаларды қатыстыруға ювеналдық полицейлер көмектесті. Жас петропавлдықтар “Әкем мен ана, рөлге отырғанда есіңізде болсын: біз сізді үйде күтеміз” деген мемлекеттік және орыс тілінде жазулары бар плакаттарды алып, қаладағы қозғалысы көп көшелермен жүріп өтті.
Бұл үндеу негізінен жүргізушілерге арналды. Тәжірибе көрсеткендей, олардың көпшілігі жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтай бермейді. Мысалын, жиі жасалатын бұзушылықтар – қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау немесе көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу.
24-31 шілде аралығында 318 және 184 бұзушылық анықталды. Бұл күндері СҚО-да “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Полиция қызметкерлері облыс жолдарында 2559 түрлі құқық бұзушылықты анықтады. Оның 352-сі – жылдамдықты асыру, 60-ы – маневр жасау ережелерін бұзу, 34-і – бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту және 39-ы – мас күйде көлікті басқару.
– Өкінішке орай, жол қозғалысының кейбір қатысушылары жол жүрісі қағидаларын елемейді. Көлікті басқару кезінде телефонды қолдана отырып, қала ішіндегі сапардан үйге орала алмауыңыз мүмкін. Өткізілген флешмобтың мазмұны осыған арналды. Түсірілім 28 шілдеде өткізіліп, сол күні бейнеролик Петропавлдағы әлеуметтік желілерде пайда болды. Әкелері мен аналарын аман-сау көргісі келетін балалармен бірге біз барлық жол қозғалысының қатысушыларын жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз. Қауіпсіздік әр адамның жеке тәртібінен басталатынын естен шығармаңыздар, – дейді Петропавл қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.