Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық полицейлер көлікті айдап әкеткен және автомагнитолаларды ұрлаған күдіктіні ұстады

Петропавлдық полицейлер көлікті айдап әкеткен және автомагнитолаларды ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөліміне көлігінің айдап әкетілгені туралы қала тұрғыны арызымен жүгінген. Оның айтуынша, Жамбыл көшесіндегі үйдің ауласынан 1994 жылы шығарылған «Nissan Primera» көлігі жоғалған. Шығын 500 мың теңгені құрады. Жедел уәкілдер көлікті тауып алған, ол Интернациональная көшесінің бойында қалдырылған. Салоннан автомагнитола жоғалған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде бұрын сотталған 36 жастағы қала тұрғыны анықталды. Айта кететін болсақ, оның саусақ іздері бірнеше күн бұрын екі автокөліктен алынды, олардан магнитолаларды қолды қылған. Жедел уәкілдер күдіктіні ұстады, ұрланған заттың бөлігі алыпсатардан алынды. Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» және «Автомобильді немесе өзге көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» 188 және 200-баптары бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлайды Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Самат Тастан. — Қала тұрғындарының назарын барлық жағдайда да жәбірленушілердің көліктерін ашық қалдырғандарына аудартамыз. Сақ болуға, көлік есігінің жабылғандығын мұқият тексеруді, көліктің салонында ақша, құжаттар мен құнды заттарды қалдырмауды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру