Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық полицейлер тонау жасаудағы күдіктіні іздестіруде

Петропавлдық полицейлер тонау жасаудағы күдіктіні іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылы 21.12 сағат 18.00 кезінде полицияға Петропавл қ. Солнечный кентінің Тенистая көшесіндегі 5-үйдің жанында белгісіз қылмыскер 73 жастағы зейнеткердің 19 миллион сомасындағы ақшасы салынған сөмкесін тартып алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған факті ҚР ҚК 191-бабының 4-бөлігінің 2-пункті (Тонау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Бұл мақсатта криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлері енген алты топ құрылды, учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полицияның жасақтары жұмылдырылды. Тонау жасалған аумақтағы әр үйдің ауласы, сондай-ақ жәбірленушінің таныстары тексерілуде.

Қарт әйелдің айтуынша, ол қылмыскердің бет-жүзін есіне сақтай алмаған. Алайда шабуыл жасағанның бойы шамамен 170 сантиметр, сырт киімінің ұзындығы белге дейін болғанын айтып берді.

Полицейлер қала тұрғындарынан аталған қылмыс туралы қандай да бір ақпарат білген жағдайда «102» нөміріне хабарласуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру