Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық учаскелік инспектор өз жұмысымен бөлісті

Петропавлдық учаскелік инспектор өз жұмысымен бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласында 13 учаскелік полиция пункті жұмыс істейді, онда 88 учаскелік полиция инспекторы қызмет атқарады. Қаладағы әр шағын ауданның өз ерекшелігі бар. Инспекторлар бұрыштарды, қиылыстарды, аулаларды ғана назарда ұстап қоймай, әр түрлі жастағы адамдармен де қарым-қатынас жасайды. Жыл қорытындысы бойынша қалада Дархан Жұмағали үздік учаскелік полиция инспекторы деп танылды. Офицер өз жұмысының басты бағыттары, сонымен қатар қалалық учаскелік инспекторға нені білу, не қолынан келу қажеттігі жайлы бөлісті.


Заречный, Былғары зауыты, Ойқала, Черемушки – №2 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары қаланың шығыс бөлігіне қызмет көрсетеді. Негізінен онда жер үйлер. Дархан Жұмағали 2017 жылдың наурызынан бастап учаскелік инспекторы болып қызмет етуде. Оның қызмет көрсететін учаскесі 18 шаршы метрден асады, онда 2497 адам тұрады. Жыл басынан бері полиция капитаны 37 адамды профилактикалық есепке қойды, 11 қылмыс ашылды, түрлі құқық бұзушылыққа 537 әкімшілік хаттама толтырылды. Алкоголизмнен емделуге 5 адам жіберілді. Бұдан бөлек, кез-келген уақытта шақыртуларға бару, халықпен байланыста болу, күнделікті құжатпен жұмыста бар.
Былтыр күзден бастап қалалық учаскелік инспекторлар өтініштерді қабылдау үшін әлеуметтік желілерді белсенді түрде пайдалана бастады. №2 пунктің аккаунтында 300-ден аса желі қолданушысы бар. Дархан Жұмағалидың айтуынша, әлеуметтік желілер тек мәселелерді шешуге ғана көмегін тигізіп қоймай, жағдайды бақылауда ұстауға да үлкен септігін тигізуде, бұл дегеніміз сеніп тапсырылған учаскеде құқық бұзушылықты уақытында алдын алу болып табылады.

– Жастар шуласа, дүкенге мас күйде жанжалқойлар келсе жүгінеміз. Егер күдікті бір нәрсе байқасақ, бірден хабарлаймыз. Біздің учаскелік инспекторымыз жақсы адам. Ауданымызға қызмет көрсеткеніне қуанамыз. Басқа жерге кеткенін қаламаймыз. Біз өз тарапымыздан оған әрдайым қолдау көрсетіп, көмектесеміз. Ол да бізге қолынан келгенін аямайды, – деп өз инспекторы жайлы қалалық Надежда Скрипай бөлісті.


Дархан Жұмағалидың айтуынша, басшылық оларды үнемі байланыста, азаматтардың барлық өтініштерін қабылдауға дайын болуға, азаматтардың барлық сұрақтарына, оның ішінде полицияның тікелей құзыретіне жатпайтын сұрақтар бойынша да толық жауап беруге бағыттайды. Ең бастысы қалыптан тыс жағдайда жедел шешім қабылдау білу, жәбірленушімен және құқық бұзушылармен де әдепті және сыпайы қарым-қатынас жасау қажет. Сондай-ақ, үнемі өз біліміңді жетілдіріп, дене қалпын да жақсы деңгейде ұстау аса маңызды.

Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. «Полицияның сервистік моделін» масштабтау аясында бұл – учаскелік полиция инспекторларына негізгі рөл бөлінген жергілікті полиция қызметінің басым бағыты. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі олардың мәртебесін көтеру бойынша шараларды кезең-кезеңімен өткізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру