Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Пиротехника» іс-шарасы басталды

Алматы қаласының аумағында 2020 жылғы 15 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 7 қаңтарға дейінгі аралықта екі кезеңнен тұратын «Пиротехника» жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара жеке және заңды тұлғалардың пиротехникалық заттар мен бұйымдарды қолдану барысында белгіленген ережелерді сақтауын қадағалауға бағытталған.

– Шаһар аумағында 2020 жылғы 15 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 7 қаңтарға дейінгі аралықта екі кезеңнен тұратын «Пиротехника» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, оған әкімшілік полиция бөлімшелерінің, жергілікті полиция қызметінің, Алматы қаласы бойынша ТЖД азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері қатысады. Іс-шараның мақсаты – Жаңа жылдық мерекелер кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы жарақаттануды болдырмау, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Алматы полициясы сертификатталған (лицензиясы бар) пиротехникалық бұйымдарды оларды сату үшін арнайы белгіленген орындарда пайдалану  және қауіпсіз қолдану жөніндегі нұсқаулықпен сатып алу туралы кеңес береді.

– Пиротехникалық бұйымдарды пайдаланушыларға арналған нұсқаулықта отшашуларды, пиротехниканы, фейерверктерді, бенгаль шамдарын және тағы басқа да осындай заттарды  пайдалану арақашықтықтары көрсетілуі керек. Сатып алушылар сертификаттар, рұқсаттар, қауіпсіздік нұсқаулықтарын беруді талап етуге құқылы, –  деді Жандос Мұраталиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру