Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Пиротехника" ЖПІШ: Түркістан облысында полиция тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр

Түркістан облысында полицейлер пиротехникалық өнімдерді қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда. Шараның негізгі бағыты – заңсыз айналымдағы және сапасы төмен пиротехникалық бұйымдарды анықтау, сондай-ақ жарақат алу қаупін болдырмау.

Осы мақсатта тәртіп сақшылары пиротехника сатылатын орындарды аралап, талапқа сай емес өнімдерді тәркілеу және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. Полиция өкілдері тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салады.

Полицейлер пиротехниканы қолдану бойынша негізгі кеңестерді ұсынады:

- өнімді тек рұқсат етілген сауда нүктелерінен алыңыз;

- қолданар алдында нұсқаулығын толық оқып шығыңыз;

- балалардың пиротехниканы өздігінен қолдануына жол бермеңіз;

- қолдан жасалған бұйымдарды сатып алмаңыз.

Тәртіп сақшылары мерекелік кезеңнің бейбіт және қауіпсіз өтуі әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру