Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатқан екі шымкенттік анықталды

Шымкентте «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік жұмыстар жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика аумағында 15 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында жаңа жылдық мереке қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әрі заңсыз айналымдағы сертификатталмаған пиротехникалық заттарды тәркілеуге бағытталған «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Аталған іс-шара барысында Әл-Фараби АПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының иснпекторлары «Қазына» және «Акбар» базарлары аумағында рейдтік жұмыстар атқарылды.

Тәртіп сақшылары пиротехниканы сақтау, тасымалдау мен пайдалану тәртібін бұзған және сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатқан екі азаматты анықтады. Оларға пиротехникалық заттарды қолданудың қауіпсіздік ережелері, пиротехникалық бұйымдарды сатуда арнайы лицензия туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату фактілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) жауапкершілік көзделетінін еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру