Полицей қажырлы еңбегі үшін наградталды
Атырау облысында пандемияға қарсы күрестегі еңбегі үшін полицей медальмен наградталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 19 маусымдағы Жарлығымен Атырау облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Бағытжан Исаев пандемияға қарсы күрестегі қажырлы еңбегі үшін «Халық алғысы» медалімен наградталды.
Бұл марапатты онлайн форматта өткен республикалық форум аясында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов табыстады.