Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейдің бір күні: көші-қон қызметіндегі шенді ару

Полиция майоры Гүлзейнеп Қаражігітова – Түркістан қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы. Қызметкер туралы Polisia.kz сайтынан оқыңыздар. 

Гүлзейнеп Қаражігітова ішкі істер органдарында 2009 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Ол күнделікті қызмет атқару барысында ҚР-ның азаматтығын қабылдауға, тұрақты тұруға өтініш білдірген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тиісті құзыретті органдарға шешім қабылдауға жолдайды.

Ішкі істер министрлігіндегі бұл сала - көші-қон процестеріне мониторингті, Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын негізгі бағыттарының бірі.

Полиция майоры Гүлзейнеп Қаражігітова: "Біздің қызметте "психолог" болу керек. Көптеген адамдар мұнда алғаш рет келіп отыр. Сондықтан олармен сыпайы қарым-қатынас орнатып, құқықтық кеңес беру маңызды. Бұл ретте біз келушілерге барынша көмектесуге тырысамыз", - дейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру