Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейдің бір күні: тұрғындар тыныштығын күзеткен сақшы

Полиция капитаны Жандос Сапаралы әр күні қызметтік планшетін тексеріп, аудан тұрғындарынан түскен өтініштер мен хабарламаларды зерделеп, бағыт-бағдарын айқындайды. Учаскелік инспектор үшін әр минут — маңызды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі кейіпкеріміз Ордабасы ауданының учаскелік полиция инспекторы - Жандос Сапаралы.

Ол 1994 жылы Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Алматы қаласындағы ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы академияға оқуға түсіп, 2016 жылы заңгер мамандығы бойынша жоғары білім алған. Алғашқы еңбек жолын Ордабасы ауданында тергеуші қызметінен бастаған. Бүгінде жергілікті полиция қызметіндегі үздік қызметкерлердің бірі.

Қызметтік көлігіне отырып, ауыл-аймақты аралауға шыққан капитан әрбір тұрғынның мәселесіне құлақ асып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

- Халықпен тығыз байланыс орнату – біздің ең басты міндетіміз. Арыз-шағымды тіркеп қана қоймай, оның түбіне үңілу, алдын алу — нағыз профилактика осы, — дейді Жандос.

Таңертеңгісін 08:00-де басталған жұмыс, сағат 21:00 шамасында бөлімге қайта оралып, есеп беру, қорытынды шығару, келесі күннің жоспарын түзу кезеңімен аяқталады. Алайда бұл сағаттан кейін де қоңырау түсіп жатса, учаскелік инспектор әрқашан дайын.

Полиция капитаны Жандос бүгінде бес баланың әкесі. Отбасына деген жауапкершілік пен қызметке деген адалдықты қатар алып жүрген ол — полиция қызметкеріне тән сабыр мен парасаттың нағыз үлгісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру