Полицейдің ерлігі ел есінде
Абай облысында батырлықтың символы болған Ахатов Асхан қараша айында қайғылы жол апатынан қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел басқару орталығының жұмысы полицияның шұғыл шақыру желісі «102» арнасына телефон хабарламаларының түсуінен басталады. «102» операторы құқық бұзушылықтар, оқиғалар және басқа да маңызды ақпараттар туралы хабарламаларды тәулік бойы қабылдап, тіркеуді жүзеге асырады. Күн сайын “102” арнасына 300-ден астам қоңырау түседі, оның ішінде әр хабарлама мұқият назарға алынып, тіркеледі.
Солардың біріне тоқтала кеткіміз келетін жыл қоңырауы – полиция сержанты Ахатов Асхаттың ерлігі. Осы жылдың ақпан айының басында Асхат 13 жастағы қызды педофилдің қолынан құтқарып, өзі жарақат алып қалған болатын. Оның қайсарлығы мен батырлығы көпке үлгі болып, ол біздің мақтанышымызға айналды.
Алайда, дәл осы батырлықтың символы болған азаматымыз қараша айында қайғылы жол апатынан қаза тапты. Ахатов Асхаттың ерлігі мен батылдығы, өз қызметін адал атқарудағы қажыр-қайраты ешқашан ұмытылмайды. Біз оның жасаған ерлігін еске алып, жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз.